Алматыда 130 көпқабатты тұрғын үй мен 18 жеке сектор газдан ажыратылды. Нақтырақ айтсақ, Құрманғазы – Панфилов– Қайырбеков– Төле би көшереліндегі және Мұзтау шағын ауданында көгілдір отын өшірілді.
Оған жер асты құбырындағы ақау себеп болған. Мамандар құбырдан газ шығып жатқанын кеше кешкісін байқаған. Қазр қалпына келтіру жұмыстары басталды. Себебі, қауіпсіздік ережелеріне сәйкес түнгі уақытта жұмыс жасауға тыйым салынған. Айта кетейін, газдан ажыратылған тұрғын үйлер табиғи отынды тек тамақ дайындау үшін пайдаланады.
Әйгерім Ердәулет