Бәс тігетін жеке тұлғаларды кірістер комитеті бақылауға алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бәс тігетін жеке тұлғаларды кірістер комитеті бақылауға алады

07.02.2024

Енді бәс тігетін жеке тұлғаларды Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауға алады. Сонымен қатар, еліміздегі 11 букмекерлік кеңсе мен тотализаторлар мәліметтерін салық органдарына беруге міндеттеледі. Ол жерде бәс тігушінің жеке сәйкестендіру нөмірі, ұтыс сомасы мен нәтижесі, ойын шотындағы операциялары толық көрсетіледі. Жинақталған деректер құпия сақталады. Қадағалау шарасы 12 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Ерқанат Шыңберген, ҚР мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы:

Бұл қағидалар берілуге жататын мәліметтердің тізімін көздейді. Оның ішінде бәс тігуге қатысатын жеке тұлғалардың мәліметтері сондай-ақ, бәс тігу бойынша жалпы ақпарат. Сомалары, оның нәтижелері дегендей. Бұның құпиялылығы тиісті заңнама актілеріне, талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу