Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

07.02.2024

Бүгін жаңарған министрлер кабинетіне Президент алдағы мақсат-міндеттерді жүктейді. Бірер сәттен кейін Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталады. Үкімет үйінде жүрген әріптесім Шерхан Жамбылұлы баяндасын.

Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Мәселе өте көп. Басымдық әлеуметтік-экономикалық салаға беріледі. Бұл туралы Президент кеше Мәжілістің пленарлық отырысында айтқан еді. Ал жиын 1 сағаттай кейін басталады деп жоспарланған. Дәл қазір Үкімет үйінде қарбалас. Әкімдер мен министрлер біртіндеп келіп жатыр. Маңызды жиыннан ақпарат тарату үшін журналистер де көптеп келген. Отырыста Бектенов бастаған Үкіметтің атқаратын негізгі шарулары айқындылмақ.

Шерхан Жамбылұлы



Хабарламаларға жазылу