Семейдегі «Ақшың» сауда орталығында болған өрт салдарынан 7 мың шаршы метр аумақ жанып кеткендігі белгілі болды. Түнгі сағат 3 шамасында тұтанған қызыл жалынмен өрт сөндірушілер 10 сағатқа жуық арпалысып, оқшаулады. Оқыс оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Мамандар шығынға батқан кәсіпкерлердің несие төлемдерінің мерзімін шегеру бойынша банк басшылармен келісімге келмек. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз. Тексеру жүргізіліп, сараптама жасағаннан кейін нақты шығын көлемі мен кінәлілер анықталады.
Әділбек Мұсабаев, Абай облысы әкімінің орынбасары:
2200 ол жерде арендатор бар. Сол 2200 дің кейбірі әр деңгейде зардап шекті. Біреуі көп болуы мүмкін. Кейбірінікі толығымен өртеніп кетуі мүмкін. Кейбірінің заттарына зардап келгендігі, ол да анықталады. Орындарды жалға алушылардың мәселелері оңтайлы шешілуі жағын толығымен заң жүзінде қарастырамыз.