Өскеменнің экологиялық ахуалы алаңдатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменнің экологиялық ахуалы алаңдатады

06.02.2024

Өскеменнің ауасын қыста ірі өндірістер мен жеке үйлер, нысандар жаққан көмір түтіні ластайды. Жазда қала көліктен шыққан көк түтінге көміліп тұрады. «Қазгидромет» орталығы былтыр 128 күн қолайсыз метео жағдай қалыптасқанын тіркеген. Биыл тек қаңтарда шаһардың ауасы 15 күн қатарынан ластанған. Аймақтағы күрделі эко-ахуалды экологтар үнемі айтып келеді. Былтырдан бастап тыныс жолдары ауруына шалдыққандарға «химиялық күйік» деген диагнозды қайта қою туралы шешім қабылданған.

Өңірлік «Қазгидромет» орталығы қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасқаны туралы ескерту хабарлама таратқан бойда емханаларда кезек көбейеді. Дәрігердердің алды науқастан босамайды. Қала көк түтінге көмілгенде әсіресе балалардың мазасы кетеді.

Әйгерім Қабдығалиева, дәрігер:

Ауа ластанған күндерден соң ауруханаға келген науқастардың көбінің көзі мен тамағы қызарып тұрады. Ал тыныс жолдарының созылмалы ауруына шалдыққан адамдар үшін тіпті қиын болады. Бірақ біз әлі бірде-бір адамға «химиялық күйік» диагнозын қоймадық. Өйткені әлі ол туралы емдеу хаттамасына бұйрық шыққан жоқ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тікелей экологиялық жағдайға қатысты бүгінге дейін «химиялық күйік шалу» диагнозы қойылды ма, жоқ па ол туралы ашық ақпарат бермей отыр. Дәрігерлердің сөзіне сенсек, емдеу хаттамасына әлі енгізілмеген.

Өскеменнің ауа құрамын зерттейтін 5 стационарлық, 2 автоматтандырылған және 1 көшпелі зертхана бар. Осы бекеттерден қаланың ауасына қатысты ақпарат орталық зертхана сағат сайын онлайн түсіп тұрады. Мамандар соңғы жылдары ауада кейбір улы металлдардың тым көбейіп кеткеніне алаңдаулы.

Кәмшат Ахмадиева, кешенді зертхана меңгерушісі:

Ауада әрине көмір қышқыл, күкір қышқылы, күкір диоксиді бойынша көрсеткіштер жоғары жағдайлары тіркеледі. Бізде ай саынғы мәліметтер ай сайынғы бюльетен шығады. Сол ақпарарттық бюльтен ресми сайтта көрсетілген. Ол барлық тұрғынға қолжетімді.

Ақпарат қолжетімді болғанымен, тұрғындар үшін ең басты сауал қаладағы ауыр экологиялық жағдайдың оңалуы. Ал экология департаменті өңірдегі ірі өндірістердің жұмысын қадағалаумен ғана шектеледі.

Мамай Бұтабев, облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Былтырғы жылы 2,6 млрд айыппұл салынған. Тек қана ауаға емес барлығын бірақ айтып отырмын. Бірақ оның ішінде сотта жатқаны бар. Биылғы жылы міне осы жақында жаңа жылдан бері нақты ластаушы заттар шығарғаны үшін, бізге «Қазгидрометке» келген сигналмен барып біз «Казцинк» мекемесін 45 миллионға айыппұл салдық.

Айыппұл салумен мәселе шешілмейтінін тәуелсіз экологтар да талайдан бері айтып келеді. Тіпті олар түрлі жобалар ұсынған. Соның бірі қаладағы қоғамдық көліктерді газға көшіру.

Олжас Керейхан, тілші:

Өскемендегі 400 мыңға жуық тұрғынның әрбір екіншісінде жеке көлік бар. Оларлдың 95 пайызы жанар-жағармаймен жүреді. Сондықтан бүгінгідей желсіз күндері көліктен шыққан көк түтінге қала көміліп қалады. Ал оған жеке үйлер мен нысандар жаққан көмір түтніні қосылғанда жағдай тіпті қиындатып жіберді.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу