ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай министр журналистерге алғыс хат пен құрмет грамоталарын табыстады, сондай-ақ, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Журналистерді құттықтаған Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл саланың мамандары қоғам мен билік арасындағы берік көпір екенін, журналистердің жұмысы күндіз-түні тоқтаусыз жүретін, журналистер Қазақстанның дамауына сүбелі үлес қосып келе жатқан мамандар екенін атап өтті.
Министрдің құттықтауы аясында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Айта кетейік, байқауға қатысу үшін еліміздің өңірлерінен 200-ге тарта журналист өз жұмыстарын ұсынған екен. Байқаудың жеңімпаздары «Үздік мақала», «Үздік телевизиялық бағдарлама», «Үздік радиохабар» және «Сайттағы үздік мақала» атты номинациялар бойынша марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздардың көбі - аймақ тілшілері.