Мәдениет және спорт министрі футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасын құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет және спорт министрі футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасын құттықтады

15.02.2016
Мәдениет және спорт министрі футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасын құттықтады

Футзалдан Еуропа чемпионатында қола жүлде иеленген Қазақстан Ұлттық құрамасының футзалшыларын Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтады.

«Қазақстан футзал командасы тарихтың жаңа бетіне үлкен жеңісті жағдайды жазып қалдырды. Сіздер Қазақстанның футзалын біз күткен жаңа шыңға шығарып, 2016 жылғы Еуропа Чемпионатында тамаша өнер көрсеттіңіздер.

Еуропаның ең азулы командаларымен кездесіп, терезесі тең ойын көрсетіп қоймай, жеңіске жеттіңіздер. ЕУРО-2016 дебютанттары екендеріңізге қарамастан қола жүлдені еншіледіңіздер. Қазақ футзалының жаңа деңгейі, жаңа белесі, жаңа жеңісі құтты болсын!

Алдағы уақыттарда біз Сіздерге үлкен сенім артамыз, үлкен жеңістеріңіз әлі алда екендігіне сенеміз. Сіздердің жетістіктеріңіз еліміздің абыройын асқақтатары сөзсіз!» - деп жазылған министр құттықтауында.

Хабарламаларға жазылу