1400-ден астам бала қоғамдағы қауіпсіздікті бұзуға бейім. Жаңа оқу жылы басталғалы осынша жасөспірім полиция назарына іліккен.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы мәлімдеді. Әсет Оспановтың айтуынша, бүгінде өз міндетін атқармаған 12 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жазаға тартылған. Оқу жылы басталғалы кәмелетке толмаған балалар арасында ақша бопсалауға қатысты 40 фактінің жолы кесілді. Жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен құқығын қорғайтын комиссия 1800 материалды қараған. Сот арқылы 600 адам ата-ана құқығынан айырылып, 340 азаматқа қатысты шектеулер енгізілген. Жалпы соңғы 10 жылда кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты қылмыстық әрекеттер 3 есе азайған.
Қарагөз Тұрмағанбет