Елімізде ипотекалық несие көлемі күрт көбейген. Оның мөлшері үш жылда 3 триллион теңгеге артқан. Ұлтық банктің дерегіне сәйкес, қазір ел азаматтарының ипотека бойынша берешегі 5 триллион 300 миллиард теңге. Ал 2021 жылы бұл 2 триллион 400 миллиард теңге еді. Яғни, үш жылда көрсеткіш екі есе артқан