Елдегі емханалардың несие қарызы 100 млрд теңгеден асты – депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі емханалардың несие қарызы 100 млрд теңгеден асты – депутат

14.12.2023

Емханалардың несие қарызы 100 млрд теңгеден асты. Ал медициналық қызметтің тарифі негізгі шығынды жаппай тұр. Сондықтан олар қызмет көрсету көлемін азайтып жатыр. Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова осылай деді. Бүгінде медицина ұйымдарын қаржыландыру көлемі өссе де, соңғы екі жылда олардың несие қарызы 2 есе артқан. Еліміз бойынша бүгінде 619 емхананың кредиті бар.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл саладағы стратегиялық жоспарлаудың кемшілігінен және медициналық қызмет шығыстарын бақылау тетігінің жоқтығын туындап отыр. Осыған байланысты емханалардың берешегін төмендету және қаржыны пайдалану тиімділігін арттыру үшін шұғыл шараларды қабылдауды ұсынамын. 


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу