Елімізде бизнесті қолдау бағдарламасы жаңартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бизнесті қолдау бағдарламасы жаңартылды

02.02.2024

Елімізде бизнесті қолдау бағдарламасы жаңартылды. «Даму» қорының хабарлауынша, бұл жолы бағдарлама экономиканың барлық секторын қамтымақ. Яғни, оған микробизнестен бастап, ірі бизнес өкілдеріне дейін қатыса алады. Өтініштерді қабылдау 5 ақпанда басталмақ. Несие мерзімі - 5 жыл. Мөлшерлеме алғашқы үш жыл 8 пайыз, төртінші жылы 9, бесінші жылы 10 пайыз болмақ. Айта кетерлігі, несие беруде өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешенін дамытумен айналысатын кәсіпкерлерге басымдық берілмек.


Хабарламаларға жазылу