Көкшетауда сүндеттелгеннен кейін 10 жасар бала қайтыс болды.
Оқиға Ақмола облыстық көпсалалы балалар ауруханасында тіркелді. Операциядан кейін жасөспірім үйіне жіберілген. Алайда баланың денсаулығы нашарлап, екі күннен кейін қайтадан дәрігерге көрінген. Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне анафилактикалық шок себеп болуы мүмкін.
Осы облыстық көпсалалы балалар ауруханасында екі күн ішінде 3 бала қайтыс болды. Екеуінің жасы бірден енді ғана асқан. Олар түрлі сырқатпен диспансерлік есепте тұрған.