Шымкентте балаларды қолдау орталықтарына демеу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте балаларды қолдау орталықтарына демеу керек

02.02.2024

Отбасындағы ұрыс-керіс пен түсініспеушілік салдарынан қиындыққа тап болатын балаларды қолдайтын заң жетілдіруді қажет етеді. Құқықтық нормалардың әлсіздігі бұл топтағы балалардың өмірге бейімделіп кетуіне толық мүміндік бермейді. Бейімдеу, қолдау орталықтарында жұмыс істейтін мамандар да әлеуметтік жағынан жеткілікті қолдауға ие емес. Бұл туралы Ажар Сағандықова Мәжіліс отырысында айтты. Депутат қиын жағдайға тап келген балаларды білім алуға қажетті оқу-құралдарымен қамту, олардың медициналық көмек алуына көбірек көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Балаларды қолдау орталықтарындағы мамандардың да кәсіби біліктілігі мен әлеуметтік жағдайының нашарлығын айтты. Ондағы педагогтар мен психологтар 150-157 мың теңге жалақыға жұмыс істейді.

Перизат Нұрбаева, ата-ана:

Арнайы күтімді қажет ететін балаларға қарайтын тәрбиешілерге қараған балаларға қосымша ақша төленбейді. Ол кәдімгі балабақшадағы тәрбиешілермен бірдей ақша алады. Сондықтан да кім болса да артық жұмысты қаламайды ғой сондықтан да ол жерге барушылар аз деп ойлаймын.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу