Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі

31.03.2020

Қазір табысынан айырылғандар емес, кәсіпкерлерге де көмек көрсетіледі. Қазір жұмыс берушілерге қызметкерлердің жалақысын төлеу қиын болды. Мемлекет тарапынан төленетін 42 500 теңге кәсіпкерлердің ауыртпалығын жеңілдетіп, қарамағындағы жұмысшыларды ақысыз демалысқа жіберуге мүмкіндік беріп отыр. Өңірлердегі орта және шағын бизнес өкілдері қиын қыстау кезеңде үкіметтің қолдауы кәсіпкерлер үшін үлкен демеу болды дейді.

Алматы облысында қазірдің өзінде 3100 адам ақысыз демалысқа шыққан. Қазір азаматтар жұмыспен қамту орталықтарына тіркеліп, мемлекеттік төлемақы рәсімдеуге кірісті.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу