Канвон-2024 қорытындысы: 1 алтын, 2 қола - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канвон-2024 қорытындысы: 1 алтын, 2 қола

01.02.2024

Бүгін Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Ақ Олимпиаданың соңғы күні. Оңтүстік Кореядағы дүбірлі додада біздің шаңғышыларымыз таңертең шеберлігін сынаған еді.

Диас Ахметшәріп, ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі:

Міне, Кореяның Канвондо провинциясында төртінші қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Бүгінгі соңғы жарыс жолына біздің шаңғышылар шығып, эстафетада 16-шы орынды місе тұтты. Жалпы, бұл ойындар ұлттық құрама үшін өте сәтті болды. Өздеріңіз білетіндей, бірінші жарыс күні біздің шаңғышы тұғырдан секіруден Илья Мизерных алтын алқаны тақты. Одан кейін 1000 метрлік қашықта шорт-трекшіміз Полина Омельчук қола жүлдені місе тұтты және де хоккейшілеріміз үш те үш форматында ойнап, тағы бір қола жүлдені ел қоржынына салған болатын. Жалпы командалық есепте 3 жүлдемен Қазақстан ұлттық құрамасы Польша және Чехия командаларымен 20-орынды бөлісіп отыр. Алғашқы үштікте - Италия, Германия және Франция командалары. Менің артымдағы Олимпиада қалашығынан бүгін кешкі сағат алты жарымда автобустар легі басталады. Біздің спортшыларымыз салтанатты жабылу рәсіміне қатысады. Бұл салтанатты жабылу рәсімі жергілікті уақытпен кешкі сағат 20:00-де, яғни Қазақстан уақытымен кешкі сағат бесте басталады. Жарты сағаттық жабылу рәсімі, артынан балаларға арналған кешкілік қоштасу бағдарламасы бар ұйымдастыру комитетінің атынан. Ойындар өте жоғары деңгейде өтті. Тарихта бірінші рет біздің командамыз осындай жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр. Енді алда жазда Париж Олимпиадасы. Сол Париж Олимпиадасында осы алтын, қола медальдарымыз бізге жұғысты болып, осы Париж Олимпиадасынан да біз жақсы жаңалықтармен өздеріңізбен бөлісетін болайық. Канвондағы бүгінгі қорытынды жаңалықтар осындай.

Диас Ахметшәріп


Хабарламаларға жазылу