Астанада вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан тұрғын ұсталды

31.01.2024

Астанада вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан тұрғын ұсталды. Қаржы мониторинг агенттігінің дерегінше, ол құрамында никотині бар сұйықтық өндіретін цехті рұқсатсыз ашып, жұмыс істеп келген. Дайын өнімді көтерме және бөлшек сауда түрінде елорда мен республиканың басқа қалаларының Вейпшоптарына сатқан. Никотині бар сұйықтық саудасынан 18 миллион теңге пайда түсірген.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 5000-ға жуық вейп, хош иістендіргіштер, көлемі 235 литр глицерин және химиялық заттар мен оларды өндіруге арналған станоктар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Хабарламаларға жазылу