Ертең елордада «Ғасырлар пернесі» атты Ахмет Жұбановты еске алу кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең елордада «Ғасырлар пернесі» атты Ахмет Жұбановты еске алу кеші өтеді

21.06.2016
Ертең елордада «Ғасырлар пернесі» атты Ахмет Жұбановты еске алу кеші өтеді

Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасының қонағы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов хабарлады.

Шығармашылық кеште Ахмет Жұбановтың халық аспаптар оркестрі және фортепиано сияқты аспаптар үшін жазылған туындылары орындалады.

Сонымен қатар, студия қонағы – ҚР Еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілов Мұхтар Әуезов либреттосына Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди арнап жазған «Абай» операсынан Абайдың ариозосын орындады.

Хабарламаларға жазылу