Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаровты қабылдады. Кездесуде компанияның 2024 жылға арналған бастамалары айтылды.
Биыл ұлттық басқарушы холдинг агроөнеркәсіп кешені жобаларына 370 миллиард теңге инвестиция құймақ. 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу, туристік саланы қаржыландыру, қалдықтарды қайта өңдейтін және сұрыптайтын зауыттар салу және 9-20-25 тұрғын үй бағдарламасын іске қосу сияқты шаралар жоспарланған.
Нұрлан Байбазаров, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы:
Сол бағдарламаларды жүзеге асырудың есебінен біз осы жылы холдингтің экономикаға деген үлесін 2 есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Холдингтің активтері 12 пайызға өсті. Инвестициялық және кредиттік портфелі 10 пайызға өсті. Таза пайдасы 408 млрд теңгені құрады.