Бәйтерек холдингі алдағы жоспарларын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бәйтерек холдингі алдағы жоспарларын айтты

14.08.2020

Алдағы бес жылда жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 5%-ға арттыру көзделіп отыр. Мұны бүгін «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин айтты. Қазір ведмоство алдында елдегі кәсіпкерлер санын арттыру міндеті тұр. Сондықтан ол азаматтарды жеке бизнесін ашу немесе дамыту үшін мемлекет көмегіне жүгінуге шақырды.Рустам Қарағойшиннің айтуынша, «Бизнестің жол картасына» қатысушы кәсіпкерлер 10 жылдың ішінде 25 трлн теңгенің өнімін шығарып, бюджетке 1,6 трлн тг сомасында салық төлеген. Аталмыш бағдарлама аясында мемлекеттік қолдауға ие болған бизнес иелері 100 мыңнан астам жұмыс орнын ашқан. Еске салайық, биыл «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылған болатын.

Рустам Қарағойшин, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары:

Қазір елдің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8 пайызды құрайды. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 35 пайызға дейін өсуі тиіс.


Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу