Аула сыпырушыны соққыға жыққан Петропавл тұрғыны 2,5 жылға сотталды. Оқиға былтыр қараша айында тіркелген еді. Дүкеннің алдында болған жайт бақылау камерасына түскен. 34 жастағы жігіт бірден ұсталды. Жапа шегуші 20 жылдан бері мүгедектік бойынша есепте тұрған. Қылмыскердің айыбы толық дәлілденді. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Эльмира Кәленова