Қостанайда такси жүргізушісін «зорламақ болды» деп айыптаған тұрғынның өзі жауапкершілікке тартылды. Оқиға барысын көлік жүргізушісі камераға түсіріп алған. Видео әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсіп жатыр. Онда клиент такси жүргізушісіне жала жауып, түрлі теріс іс-қимыл жасап жатқаны анық көрінеді. Ішкі істер департаменті келіншектің полицияға қоңырау шалып, жалған ақпарат бергені үшін жауапқа тартылғанын растады. Оған 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл дегеніміз - 110 760 теңге.
Азамат Бейбітұлы