Париж Олимпиадасы: Спортшыларға 550 түрлі ас дайындалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж Олимпиадасы: Спортшыларға 550 түрлі ас дайындалады

30.01.2024

Францияда Париж Олимпиадасына дайындық қызу. 15 мың атлет келеді деп жоспарланып отыр. Оларға күніне 40 тонна азық-түлік қажет деген есеп-қисабы да шығарылған. Мұнша көкөніс пен дәнді дақыл және түрлі өнімдер, жарысқа келетіндерге ас дайындауға жұмсалады. Спортшыларға арналған ас мәзіріне жауапты бас аспаздардың бірі Шарль Гийойдың айтуынша, азық-түліктің 25 пайызы жергілікті өнім болмақ. Шілденің 10-нан қыркүйектің 12-не дейін әлемнің түкпір-түкпірінен келер атлеттердің астан ләззат алуына 300 аспаз үлес қосады.

Шарль Гийой, бас аспаз:

Француз жасыл жасымығынан дайындалған даль - олимпиадашыларға арналған 550 түрлі тағамның бірі. Күніне тағамның 40 түрін ұсынып, 40 мың порция әзірлемекпіз. Өзінің диетологы жоқ спортшыларға ас мәзірін құруға көмектесер мамандарымыз да болатынын айта кеткен жөн.


Хабарламаларға жазылу