Олимпиада-2024: Ұлттық құрама киімі демеушілер есебінен тігіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада-2024: Ұлттық құрама киімі демеушілер есебінен тігіледі

19.04.2024

Париж Олимпиадасына арналған ұлттық құрама киімі Қазақстанда тігілмейді. Сондай-ақ спортшылардың киіміне мемлекет бюджетінен қаржы бөлінбейді. Шығынды толықтай демеушілер көтереді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Олимпиаданың ашылу салтанатында Ту ұстап шығатын спортшыларымызға арналған парадтық костюмге тоқтала кетейік. Түпнұсқа бойынша, былғары қолғап шебері Асланбек Шымбергенов Сена өзеніндегі салтанатты іс-шараға бөрік киіп шығады. Ал жеңіл атлетіміз Надежда Дубовицкаяға Тұмар ханшайымның сәукелесі тектес бас киім тігіледі. Өзге спортшыларға келер болсақ, ер жігіттерге тақия, ал бойжеткендерге диадема дайындалады. Сонымен қатар жарыстарға арналған спорттық киім мен керек-жарақтың да үлгілері таныстырылды.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу