«Сахнадан сәлем!». Осындай атаумен Астанада ІҮ Халықаралық театр фестивалінің шымылдығы түрілді. Дәстүрлі шара Елорда күніне орай ұйымдастарылған. Өнер бәйгесіне барлығы 11 ұжым қатысады. Олардың қатарында отандық әртістермен қатар, Мәскеу мен Киевтің театрлары да бар.
Өнер саңлақтарының өзара тәжірибе алмасуына негізделген фестивальге қазақстандық және шетелдік театр сыншылары қазылық етпек. Алғашқы болып «Моцарт» қойылымымен елордалық «Жастар» театры өнер көрсетті. Айтулы шара 26-маусымға дейін жалғасады.
Фариза АУЫЛБАЕВА