Қазақстан драма театрларының XXVIII фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан драма театрларының XXVIII фестивалі басталды

18.10.2022

Биыл көрнекті театр және кино актрисасы Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығы. Мерейлі датаға орай Астанада Қазақстан драма театрларының 28-ші Республикалық фестивалі басталды. Өнер бәйгесіне ел бойынша 10 театр ат салысқан. Сондай-ақ фестиваль аясында Шолпан Жандарбекованың шығармашылығына арналған көрме өтіп, "Шолпан-жұлдыз" кітабының тұсауы кесілді. Шараға сахна саңлағының көзін көрген театр қайраткерлері, шәкірттері мен зиялы қауым өкілдері, ұрпақтары қатысып жатыр.

Әсет Ақынов, Шолпан Жандарбекованың жиені:
Біз бұл шараны жақсы қабылдап жатырмыз. Осыдан бір жыл бұрын 100 жылдыққа байланысты көп жұмыстар істедік. Ерғазы Қадашұлы екеуміз. Ол кісі «Шолпан жұлдыз» деген кітап шығарды. Біздің Қарқаралы ауданында мәдениет сарайын сол кісінің атына берді.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу