Қазақстандық журналистер Сеулдегі АЭС жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық журналистер Сеулдегі АЭС жұмысымен танысты

27.01.2024

Қазақстанда референдум өтіп, атом электр стансасы салу жөнінде шешім қабылданса, Оңтүстік Корея көмек көрсетуге дайын. Бір топ қазақстандық журналист Сеул атом электр стансасының жұмысымен танысты.

Азамат Бейбітұлы, тілші:

Оңтүстік Корея атом электр стансаларын салатын, толық құрылысын жүргізіп ғана қоймай мамандарды да оқытып, даярлайтын тәжірибесі мол, әлеуеті жоғары ел. Бүгінде Оңтүстік Корея аумағында 26 реактор жұмыс істеп тұр. Сол ректорлар елге қажетті электр энергиясының 30 пайызын беріп отыр. Өкінішке қарай, бізге стансаларды камераға түсіруге рұқсат берілмеді. Жалпы, Кореяда атомдық электр стансасының құрылысын жүргізетін бірнеше компания бар. Соның бірі біз қазір тұрған Дусан компаниясы. Мұнда атомдық электр стансасына және реакторларға қажетті барлық құрылғылар мен бөлшектер жасап шығарылады. Корея шетелдерде де атомдық кешенді салып жатыр. Мысалға, Біріккен Араб Әмірліктерінде стансаның құрылысын 2009 жылы бастап, 14 жыл жүргізілген. Оның екі жылында короновирусқа байланысты үзіліс болған. Кореяның атомдық саладағы басты ұстанымы - қауіпсіздік. Оған дәлел алғаш станса салынған 1978-ші жылдан бері мұндағы атомдық кешендерде бірде бір апат немесе ақау болмаған. Осы ретте айта кетейік, Қазақстанда атом электр стансасын салу немесе салмауды тек халық шешеді. Сол үшін де референдум өткізу ұсынылған болатын.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу