Президент индустриялық парк жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент индустриялық парк жұмысымен танысты

15.12.2023

Биылғы алты айда Астанадағы жалпы өнімінің көлемі 4,7 триллион теңге болған. Шағын және орта бизнестің үлесі 73 пайыз. Президент елордадағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Инвестиция тарту ісінде №1 Индустриялық парк айрықша рөл атқарады. Мұнда жалпы сомасы 322 миллиард теңге болатын 100 жоба жүзеге асып жатыр. Парк өндіріс ауқымы жағынан республикада бірінші орын алады. Іске қосылған сәттен бері өндіріс алаңында 6,7 триллион теңгенің өнімі шығарылған. Президент елорданың дамуына ірі өндіріс орындары аса қажет екенін айтты. «Таяу жылдары қала халқының саны 1,5-2 миллион адамға жетуі мүмкін. Сондықтан тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу