Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырысы

27.01.2024

Заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын бекіту және дамытудың қоғамдық маңызы бар. Бұл туралы Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың жұмыс секцияларының отырысында айтты. Басқосуда Президенттің осы қоғамдық алаңда көтерген бастамаларының орындалуы барысы талқыланды. Қоғам белсенділері өзекті мәселелер бойынша түрлі ұсыныстарын да ортаға салды. Түрлі ой, әртүрлі көзқарас. Шара басталмай тұрып құрылтай мүшелері қызу пікірталасты бастап кетті. Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелер айтылып, шешу жолдары ұсынылатын алаңға айналды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осы алаңда көтерілген бірқатар бастама жүзеге асып жатқанын айтты.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

Мысалға синтетикалық есірткімен күрес жөнінде кешенді жоспар қабылданды. Ол жөнінде Ұлттық құрылтайдың мінберінде алғаш рет осылай үлкен міндет қойған болатын. Өткен жылы маусым айында есірткі бизнесімен, соның ішінле синтетикалық есірткімен күреспен кешенді жоспар қабылданды. 88 баптан тұрады.+ Шығыста жаңа аудан құрылған болатын. Ол да Ұлттық құрылтайдың мінберінде айтылған маңызды бастама.

Бүгін «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық даму» секцияларының жұмыс отырыстары өтті. Бұндай отырыстар құрылтай жұмысын жүйелендіріп, өзекті ойларды пісіріп-жетілдіруге сеп.

Нұрлан Әуесбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Халықпен бірге тығыз жұмыс жасап, халықтың көкейіндегі бүкіл мәселесін оны зерделеп-зерттеп оны жүзеге асырсақ реформалармен бірге сонда ғана біздің ісіміз жүзеге асады.

Сарапшылар мен қоғам өкілдері кино және әдебиет салаларын жетілдіру, жалпы қоғамдық құндылықтарды дәріптеу, адам құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейту, ауылдық елді мекендерде әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша мәселелрді қызу талқыға салды. Құқықтық сауаттылықты көтеру де өзекті.

Айгүл Орынбек, заңгер:

12 жасар бала біреудің затын алған кезде оған жаза бар екенін білуі керек. Немесе біреудің ар-намысын таптап жатқан кезде немесе жеке басына өтіп жатқан кезде оған заңды түрде жаза бар екенін білген кезде ғана жастардың құқықтық сауаттылығы арқылы көтереміз.

Ал дептуат Еділ Жаңбыршин ауыл-аймақтарда мәдени өмірді жандандыру керек деп есептейді.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Мысалы Димаш неге үлкен бір шатырды құрып 100 мың адам жинап концерт бермеске. Немесе біздің мықты оркестрлеріміз бар. Шетелде сондай форматтар бар ғой.

Жиында айтылған барлық бастама Ұлттық құрылтай хатшылығы тарапынан жинақталып, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, пысықталады. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы осы көктемде Атырау облысында өтеді деп жоспарланған,

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу