Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 3200-ден астам жоба қаржыландырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 3200-ден астам жоба қаржыландырылды

26.01.2024

Елімізде сәтті жүзеге асқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы Түркістан облысы тұрғындарының тұрмысын жақсарта түсті. Өткен жылдан бері өңірде 19,8 млрд теңгеге 3200-ден астам жоба қаржыландырылды. 16 ауданның 64 ауылдық округінде жаңадан 75 кооператив құрылып, 3,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Ауыл тұрғындары мал бордақылап, балық өсіруді қолға алған. Тағы бірі наубайхана ашып, шағын кәсіпкерлікті дамытып жатыр. Ауылшаруашылығы министрлігінің өкілдері аталған жобамен жұмыс бастағандардың ісін көріп, қазіргі тіршілігімен танысты. Биыл министрлік «Ауыл аманаты» бағдарламасына 100 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Біржан Жүнісов, Балтакөл ауылының тұрғыны:

Әзірге ауылдағы, көрші ауылдағы дүкендерге өткізіп жатырмыз. Сосын ауылдағы ас-жиындар болса, солар жеке тапсырыс берсе, 300-350 нан жабамыз. Дүкендерге 100 теңгеден, үйден алушыларға 110 теңгеден сатып жатырмын. Болашақ жоспар осыны кеңейту. Басқа да нан өнімдерін қосып, бөлке, бөлішке.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу