Сейсмологтар ілеспе дүмпулерден қауіп болмайтынын хабарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сейсмологтар ілеспе дүмпулерден қауіп болмайтынын хабарлады

26.01.2024

Түнгі сағат 02:01-де Алматыда тағы да жер сілкінді. Бұл жолы 2 балдық дүмпу тіркелген. Негізгі ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағына болған. 2 балдық жер сілкінісін алматылықтармен қоса, Талғар қаласының тұрғындары да сезген.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кезекшілік қойылған аймақтарда құлаған ештеңе байқалмады, жағдай қалыпты. Сейсмологтар мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бұл - 23-і күні түнде болған жер сілкінісінен кейінгі ілеспе дүмпулер екенін айтып отыр. Сондай-ақ, олар мұндай афтершоктардан ешқандай қауіп болмайтынын хабарлады.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу