Шымкентте 5 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 5 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

26.01.2024

Шымкентте жұмысын дұрыс атқара алмаған 5 бірдей құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды. Олардың салғырт іс-әрекеті мен жауапсыздығынан 4 тұрғын үйдің құрылысы, Сайрам тұрғын алабындағы спорт мектебі және инженерлік желілер сапасыз жасалған. Салдарынан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу ісі созылып кеткен. Осыған байланысты тапсырыс беруші тарап мердігерлерді сотқа беріп, құрылыс жұмыстарынан шеттетті. Енді олардың ісін өзге компаниялар жалғастырады. Шаһар әкімдігі биыл құрылысты жоспарлаудан бастап, мемлекеттік сатып алу порталындағы қорытындылардың барлығын ақпараттық жүйе арқылы бақылау тетігін іске қоспақшы. Техникалық қадағалаушы компаниялар да автоматтандырылған жүйемен таңдалмақ.

Олжас Тәжібаев, Қалалық құрылыс басқармасының басшысы:

Бүгінгі күні жосықсыз деп танылған компанияның саны бесеу. Айыппұл салынған компаниялар 10-15 шақты компания бар. Оның ішінде мердігер мекемелер және техникалық қадағалаушы мекемелер де бар.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу