Оңтүстік Кореядағы Жасөспірімдер Олимпидасының жүлдегері елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореядағы Жасөспірімдер Олимпидасының жүлдегері елге оралды

25.01.2024

Оңтүстік Кореядағы Жасөспірімдер Олимпидасында жүлделі болып, көк туымызды желбіреткен шорт-трекші Полина Омельчук елге оралды. Спортшыны елорда әуежайынан қарсы алуға әріптесім Асылбек Данияр барған еді. 

Асылбек Данияр, тілші:

Ел намысын асқақтатып, қоржынымызға екінші жүлдені салған шорт-трекші Полина Омельчукті қарсы алып жатырмыз. Спортшы 1000 метрге жүгіруден мәреге үшінші болып келді. Жанкүйерлер мен спорт саңлақтары жеңімпазды бар сән-салтанатымен қарсы алды. Жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпанға дейін жалғасатын болады. Әзірге қоржынымызда 1 алтын, 2 қола медаль бар. 

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу