Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы ертең мегаполистегі инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралайды. Оның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізеді. Әрі Алматының жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.