Теміртаудағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажет – Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаудағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажет – Президент

23.01.2024

Теміртау қаласындағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы өзекті мәселе бойынша, «Qarmet» компаниясының басшысына тапсырма берді. Кәсіпорын жабдықтарын газға көшіру міндеттеліп отыр. Бұдан бөлек, кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі өзекті. Андрей ЛаврЕнтьевтің сөзінше, кәсіподақпен кездесу өтіп, ұжымдық шартты бірлесіп әзірлеу туралы келісім жасалған. Компания/ 2028 жылға қарай ТМД аумағындағы ең ірі металлургиялық комбинат болу мақсатын қойып отыр.


Хабарламаларға жазылу