Елімізде электромобиль сатып алушылар қатары артты. Қуат көзімен жүретін көлік саны бір жылда 10 есе өскен. Мәселен, өткен жылы 570 транспорт ел аумағына кіргізілсе, қазір оның саны 7680-ге жетті. Сарапшылар бұл өсімді елге тасымалдау үшін кеден және салық төлемдерінен босататын квота санының көбеюімен байланыстырады. Бүгінде Астанада 1160 электромобиль бар. Ал Алматыда оның саны 4 есе көп. Дегенмен, көлікті қуаттайтын станция бекеті жеткіліксіз. Еліміз бойынша 112 пункт қана жұмыс істейді.