Алматыдағы жер сілкінісінен 44 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы жер сілкінісінен 44 адам зардап шекті

23.01.2024

Алматыдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 44 адамға жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың 34-і ересек, 10-ы кәмелетке толмағандар. Қазір 5 бала ауруханада жатыр. Қалғаны амбулаториялық ем қабылдауға үйіне жіберілді. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы түнгі жер сілкінісі туралы SMS-хабарламаның не себепті жіберілмегенін де түсіндірді. Ұялы байланыс операторлары шұғыл ақпаратты өңдеуге үлгермеген.

 Сондай-ақ, Нұрлан Ағытаев негізгі қатты дүмпулер Алматыдан шалғай жерде болғандықтан дабыл қағып, халықты дүрліктіруге еш негіз болмады дейді.

Нұрлан Атығаев, Алматы қалалық ТЖД басшысы:

Жер сілкінісін анықтайтын станциялар 5,5 балдық дүмпулерді тіркеген кезде ғана электр сиреналар іске қосылады. Осы жолы дабыл қағылған жоқ. Әйтпесе халық қатты дүрлігіп кететін еді. Ал жер сілкінісінің күші 5 балл шамасында болды.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу