Семейдегі Түйемойнақ аралын су басу қаупі төніп, 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 20 қаңтарда Ертіс өзеніндегі мұз кептелісі салдарынан, су деңгейі 471 сантиметрге көтерілген. Кей жерде өзен арнасынан асып тұрғын үйлер орналасқан аумаққа жайылған. Сол себепті мамандар жағалауды бекіту, бөгеттер салу, су арнасын бұру жұмыстарын жүргізді. Қазір аралда жағдай қалыпқа келді. Көшірілген тұрғындар үйлеріне оралды. Тұрғын үйлерді су басу қаупі сейілді. Мамандар бірнеше учаскеде су деңгейін әр екі сағат сайын бақылап отыр.
Ержан Жақып