Жетісу облысында қар көшкіні жүріп, бір адам қалың қар астында қалып қойды. Бірақ алаңдауға негіз жоқ, - дейді құтқарушылар. Себебі бұл, аймақта қар көшкіні бола қалған жағдайдағы құзырлы мекемелердің бірлескен оқу-жаттығуының шартты сценарийі. Жалпы өңірде 60-тан астам қар көшуі мүмкін учаске және дәл осы мөлшерде сел жүру қаупі бар.
Бұл сандарды біз түсінбегенімен метереологтар жақсы біледі. Халықаралық талаптарға сай мәлімет берудің шартты кодтары. Жетісу облысында 12 метерологиялық станция болса, ондағы мамандар әр үш сағат сайын күн райы туралы мәліметтерді осылай цифрлармен хабарлап отырады. Ал синоптиктер барлық ақпаратты топтастырып, ортақ болжам жасайды.
Маржан Әбдуалиева, «Қазгидромет» РМК Жетісу облыстық филилалының бөлім басшысы:
Биылғы жыл 2002 жылдың аналогы. Қыс жылы болады. Жауын-шашын нормада болады. біздің Талдықорғанда кеше 11 сантиметр болды. Қоғалыда 55 сантиметр, Лепсіде 59 сантиметр кеше жоғарылады қар қалыңдығы.
Мұнан бөлек, облыс аумағында 7 автоматтандырылған метереологиялық станция бар. Ол жердегі мәлімет те ортақ базаға түсіп отырады. Ауа температурасы, ылғалдылығы, қар қалыңдығы және басқа да күн райына байланысты белгілерді жаңартып отырады.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Мына доп сияқты шар метереологиялық радар деп аталады. Мұндай қондырғы Қазақстан бойынша тек үш-ақ қалада ғана бар. Бұл радардың негізгі қызметі радиусы 250 шақырым аумақта жауын-шашынның, күннің бұлттылығы туралы ақпарат беру. Ал ол мәліметтерді негізінен Қазаэронавигация қолданады.
Ал бұл құтқарушылардың қар астында қалған адамды іздеу сәті. Қыс мезгілінде мұндай оқу-жаттығулар 7-8 рет ұйымдастырылады. Биыл елді-мекендер аумағында қар көшкіні жүрген жоқ. Десе де төтенше жағдайға дайын болу, құзырлы органдардың басты міндеті.
Ринат Тазабеков, облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы:
Биылғы қар жамылғысының қалыңдығы былтырғы жылмен салыстырғанда 50-60 пайызға төмен. Сонымен қатар жердің тоңының қатуы да төмен болып тұр. Бірақ та қауіп сақталады. Жауын-шашын мөлшері көп түскен жағдайда қар көшкіні қаупі және су тасқыны қаупі учаскелерде жағдай күрделенуі мүмкін.
Жалпы Жетісу тауларында 416 мореналық көл, су тасқыны қаупі басым 15 өзен тіркелген. Мамандар барлық нысандарды бақылауда ұстап отыр.
Қуаныш Қанатұлы