Атырауда жер асты суын жаңа әдіспен айдау жұмысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жер асты суын жаңа әдіспен айдау жұмысы басталды

19.01.2024

Атырауда жер асты суын тәжірибелік әдіспен айдау жұмысы басталды. Бұрын хабарлағанымыздай Жұлдыз ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді су басқан еді. Кәріз жүйесімен кетуі тиіс лас су жерге сіңбей, халықты әбден әбігерге салды. Жағдайдың алдын-алу мақсатында әкімдікпен арнайы комиссия құрылған. Қазір су деңгейін «иглофильтрация» әдісімен төмендету жұмысы жүріп жатыр.

Ерболат Омаров, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:

Қазіргі уақытта 20 иглофильтрді орнату аяқталды. Енді бұл жұмыс тәулік бойы атқарылып, су сорылатын болады. Осы методымыз оң қорытынды берген жағдайда толық осы аудандағы проблемалық учаскіде жер асты суын сору жұмыстары жалғасатын болады.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу