Жамбылда отбасылық жанжал өршіп тұр. Өңірде 3 күнде 400 азамат жанұясының шырқын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Полицейлер «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізген. Олар ішкі істер органдарында есепте тұрған 950 азаматтың есігін қаққан. 400-і маскүнемдік, нашақорлық әсерінен қолайсыз жағдайлар тудырғаны үшін хаттамаға ілікті. Сондай-ақ мұндай санатқа есепте жоқ тағы 20 адамды тіркеген.
Данияр Әлімқұл