Еуропада коронавирус өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада коронавирус өршіп тұр

28.10.2020

Ұлыбритания коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша Еуропада көш бастады. Жұқпалы дерттен 45 мыңнан астам адам қайтыс болып, індетті 920 мыңнан астам адам жұқтырған.

Италияда тәуліктік науқастар саны мен өлім-жітім күрт көбейгендіктен, қоғамдық жұмыс орындары жабылды. Үкімет кәсіпорындарға көмек ретінде 6 миллиард доллардан астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Алайда шектеу шараларының күшейтілуіне көңілі толмаған халық наразылық білдірді. 

Францияда жағдай әлдеқайда күрделі. Мұнда соңғы тәулікте індеттен 523 адам қайтыс болды. Науқастардың көптігінен ауруханаларда орын тапшы. Жалпы елде ковидке шалдыққандар саны 1 миллион 245 мыңнан асты.

Жансая Қапасқызы

еуропа коронавирус

Хабарламаларға жазылу