Төрткүл дүние көз тіккен Оңтүстік Кореядағы Олимпиада қалашығына қазақстандық спортшылар сәтті жетті.
Канвонда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында 42 атлетіміз, спорттың бес түрі мен 10 дисциплина бойынша ел намысын қорғайды. Атап айтар болсақ, биатлон, кёрлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы және фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынайды.