Алматыдағы ғимараттар жер сілкінісіне төтеп бере ала ма? Маманмен сұхбат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы ғимараттар жер сілкінісіне төтеп бере ала ма? Маманмен сұхбат

17.01.2024

Жүргізуші/графика: Алматы таулы аймақта орналасқандықтан сейсмикалық қауіпті қала екені белгілі. Сейсмологтар мегаполистің әрбір нүктесіне дейін мән беріп, 8 ауданның картасын түзген . Мәселен, мұндағы қызғылт боп тұрған жерлерге 10 баллға дейін төтеп беретін нысан салуға ғана болады. Ал сарғышқа боялып тұрған аудандарда ғимарат 9 баллға сәйкес салынуы қажет. Бұдан басқа мынадай көлденең сызықпен белгіленген жерлерде 27 тектоникалық жарылым жерлер бар. Енді бұл қаншалықты қауіпті деген заңды сұрақ туындайды. Мұны қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Алдашұлының өзі тікелей қосымға шығып, айтып беруге дайын.

Қаладағы ғимарттар қаншалықты жер сілкінісіне төтеп бере алады? Қанша нысанды тексеріп үлгердіңіздер?

Еркебұлан Сембаев, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары:

Бүгінгі таңда Алматы қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша жалпы Алматы қаласындағы орналасқан ғимараттардың паспортты реттеу, жер сілкінісіне қауіптілігі-қауіпсіздігі туралы паспорт картасы жасалып жатыр. Мың ғимаратқа тапсырыс бердік, соның ішінде 3 мың 500 ғимаратты бүгінігі таңда біздің Алматы қаласы ғылыми-зерттеу институты сейсмологиялық институттың қорытындысына сәйкес, бүгінгі таңда жартылай жұмыстар аяқталып жатыр. Ол толық қорытындысы аяқталған жоқ. Тектоникалық аумаққа келетін болсақ, Алматы қаласында 27 тектоникалық аумақ бар. Сол аумақтардың ішінде 3 мың 500 ғимараттың 289-ы түсетін болады. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің саны 187 ғимарат түсіп тұр. Оның ішінде жаңа ғимараттар да, Совет Үкіметі кезіндегі де үйлер бар.

Ал бұл тектоникалық жарылымдар аумағында тұрған үйлерге қаншалықты қауіп төніп тұр? Неліктен дәл осындай жерлерге үй салуға рұқсат беріліп отыр?

Еркебұлан Сембаев, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары:

Совет дәуірінде салынған ғимараттардың: Жандосов көшесінің солтүстігі, Саин көшесінің батысындағы салынған шағын ықшам аудандардың бәрі панелді үйлер болғандықтан, құрылыс - нормативті мерзімі біткеніне байланысты ол үйлер қауіпті болып есептелінеді. Ал жаңа үлгідегі салынып жатқан каркас түрінде ғимараттарымыз бәрі сараптамадан өтеді, біздің белгілеген ережелеріміз бар, соған сәйкес жобалау жұмыстары анықталады.Тектоникалық аумақтағы ғимараттарды жобалау барысында іргетасы, қабырғасы, биіктігі туралы нәтижелеріне сәйкес күшейтілуі мүмкін.

Кез-келген алматылық өзінің тұрып жатқан үйінің қанша баллға шыдас беретінін, қандай аумақта тұрғанын нақты білгісі келеді. Тұрғындарға толық мәлімет қашан беріледі және нысандарды паспорттау қашан аяқталады?

Еркебұлан Сембаев, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл жұмыстар биыл аяғына дейін аламыз. Кезең-кезеңімен болады. Келесі жылдары да атқарылатын болады. Халықтың уайымдап отырған сұрағы бойынша, бізде ГИС платформасында бүкіл мәліметтер жарияланатын болады. Әр азамат сол платформаға кіріп өзінің үйінің қандай жағдайда тұрғанын, қауіпті, тектоникалық аймаққа қатысты толық мәлімет сол жеден ала алады.

Байланыста қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Алдашұлы болды.

Хабарламаларға жазылу