Түркияда сел жүріп, көшелерді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда сел жүріп, көшелерді су басты

17.01.2024

Түркияның Измир қаласында түні бойы жауған нөсер жаңбырдан кейін өзендер арналарынан асып, көшелерді су басты. Қалада көлік кептелісі болып, көшелер жабылды. Кейбір жұмыс орындары мен тұрғын үйлердің төменгі қабаттарына да су кірген. Кей адамдар үйлерінен түн ортасында қашып шыққан. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп, су басқан ғимараттарды тазалап жатыр.

Гувен, Измир қаласының тұрғыны:

Көлігіммен жолда келе жатқанда су бірден көтерілді. Өзіміз зорға қашып құтылдық. Көлігімді су басты. Жолдағы суағарлар дер кезінде тазаланып отырса мұндай апат болмайтын еді.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу