Қытайда туристер қар құрсауынан құтқарылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда туристер қар құрсауынан құтқарылып жатыр

17.01.2024

Қытайдың Шыңжаң аймағының Қазақстан, Ресей, Моңғолиямен шекаралас Алтай префекутрасында таудан 31 рет қар көшкен. Салдарынан жолдар жабылып, шаңғы курортында мыңшақты турист бір апта бойы қалып қойды. Оларды эвакуациялауға тікұшақтар мен жауынгерлер тартылған. «Си-си-ти-ви» телекомпаниясының хабарлауынша, қысқы курорт орналасқан Хему ауылына апаратын негізгі жолдар тазаланды. Сондықтан бұл елді мекенге автомашиналар кедергісіз кіріп жатыр. Саяхатшылардың бір бөлігі кері қайта бастаған. Боран әлі соғуы мүмкін. Сол себепті Хемудағы демалыс орнын қаңтардың 20-на дейін жабу туралы шешім қабылданды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу