Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданында 7 ауыл байланыссыз қалды
Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданында 7 ауыл әлі байланыссыз отыр. Тоқтаусыз соққан қарлы боран өңірдегі жолдардың көбін көміп тастады. Бүгіннен бастап табиғи сипатта жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. Ең шеттегі -Шанағаты ауылы жарықсыз қалды. Ал ишемиялық инсульт алған 71 жастағы Төсқайың аулының тұрғыны бүгін тікұшақпен Өскемендегі орталық ауруханаға жеткізіліп, ем-дом жасалып жатыр. Енді марқакөлдіктер малдың жағдайына алаңдап отыр. Өйткені ел таудағы жылқысын етекке түсіре алмай әлек. Ауа райЫна байланысты аймақта қалыптасқан қазіргі жағдайға тілшіміз Олжас Керейхан шолу жасайды.
Бұл – Марқакөл өңірндегі соңғы бір аптадағы жағдай. Тауда тебіндіктегі жылқы қалың қарға мелдектеп жатыр. Халық үйірді жаяу-жалпы ойға бағыттап әлек. Ал кейбір ауылдағы тұрғындар үйінен қорасындағы малға жете алмай отыр.
Асхат Уанбаев, Марқакөл ауылының тұрғыны:
Малдары тебінде далада қалып қойған. Мүлде жете алмай отыр. 00.30.47 Арнайы техника үкімет тарапынан жұмылдырып қолдан келген көмектерін жасап жатыр. 00.30.55-Қардың қалың 2 метрден астам жаууына байланысты мына арнайы технкалардың жұмысы баяулап тұр.
Баяулап тұрса да біртіндеп жолды ашып жатыр. Қар тазалауға 24 ауыр техника жұмылдырылды.Мамандар күндіз –түні тоқтаусыз жұмыста жүр. Алайда жаңбыр аралас жауған қасат қарға арнайы техниканың да күрегі батуы қиын.
Қайрат Әзімбаев, Күршім ауданы әкімінің орынбасары:
Аудан әкімі шешімімен Марқакөл Төсқайың ауылдық округінде төтенше жағдай жарияланды. Осы төтенше жағдайдың заңы бойынша барлық қажетті жанар-жағармаймен техникамен қамтамасыз етіледі.
Марқакөл мен Күршімде қар астында қалған ауылдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бүгін Өскеменнен тікұшақпен жеткізді. Ал Төсқайың ауылында тұратын 71 жастағы әже бір апта бұрын инсульт алған. Төтенше жағдаймен дәрігерлер тобы неше күн әрекеттенседе қалың қардан науқасқа жете алмады. Тек бүгін тікұшақпен барды.
Рим Меңдібаев, реаниматолог, дәрігер:
Біз жеткенше жергілікті дәрігерлер қолдан келген медициналық көмекті жасап отырды. Дәл қазір науқастың денсауылығы нашар болса да бірқапты. Біз арнайы аппаратпен қан қысымын тексердік. Тұрақты болғандықт Өскеменеге жеткізу тіралы шешім қабылдадық. Енді ол кісіні орталықта емдейміз.
Шекараның шебіндегі-Шанағаты ауылы да бірнеше тәуліктен бері жарықсыз отыр. Егер боран қайта соғып, қар жаумаса бүгін барлық елдімекеннің жолы тазаланып, электр мен телефон байланысы да қалпына келеді деген үміт бар. Дегенмен алда ақырған ақ бораны бар, ақпан тұр. Яғни біздің жақта қыс ұзақ...
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
