Өзбекстанның алтын-валюта қоры кеміді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанның алтын-валюта қоры кеміді

16.01.2024

Өзбекстанның алтын валюта қоры бір жылда 1,2 млрд долларға кеміген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қымбат металдың көлемі шамамен 24,8 тоннаға азайды. Бұл туралы көрші елдің Орталық банкі хабарлады.

Яғни, 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, алтын валюта резервтері 2023 жылы 35,77 млрд доллардан 34,56 млрд долларға дейін қысқарды. Мұндай төмендеу 2018 жылдан бері алғаш рет болып отыр. Өткен жылдың қазан- қараша айларында Өзбекстан алтынды шетке, оның ішінде Қазақстанға ең көп сатқан елдердің көшін бастаған еді. Статистика агенттігінің мәліметінше, 11 айда 8,15 млрд долларға бағаланған алтын сыртқа сатылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге көп

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу