Қазақстанның алтын-валюта қоры: 5 жылда 215 тоннадан артық алтын сатып алынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның алтын-валюта қоры: 5 жылда 215 тоннадан артық алтын сатып алынған

09.12.2020
Қазақстанның алтын-валюта қоры: 5 жылда 215 тоннадан артық алтын сатып алынған

Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде жетекші орынға ие. Жаһандық тұрақсыздық пен әлемдік экономиканың құлдырауына қарамастан, Қазақстанның алтын валюта резервтері айтарлықтай өсіп, 2020 жылдың қарашасында  33,6 млрд долларды құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға артық, деп жазады finprom.kz сайты. 

Әлемнің дамыған елдерінің көбінде резервтің басым бөлігі алтыннан құралады. Мысалы, АҚШ резервіндегі алтынның үлесі 79,4% (8,1 мың тонна), Германия - 76,6% (3,4 мың тонна), Италия - 71,1% (2,5 мың тонна), Франция - 66,7% (2,4 мың тонна). Бұл елдер алтын қоры бойынша көшбасшылар.

«Қазақстан өз кезегінде ХВҚ мен ЕСБ-ны есептемегенде әлемдегі алтын қоры бойынша 13-ші орында тұрды, ал 2014 жылдың төртінші тоқсанында еліміз 23-ші орында болды. 2014 жылдан бастап алтынды көп сатып алудың арқасында, Қазақстанның алтын валюта резервтері осы қарашаға дейін 383,3 тонна бағалы металмен толыққан» , - деп жазады  дереккөз. 

Соңғы бес жылда (2014–2019) Қазақстанның Ұлттық Банкі барлығы 215,2 тоннадан астам алтын сатып алған. Сонымен қатар, осы жылдың үшінші тоқсанында Қазақстан алтын сатып алу бойынша әлемдегі ТОП-15 елдің қатарына енді. Портфельді алтынның пайдасына әртараптандыру елге алтын-валюта резервтерін сақтауға және ұзақ мерзімді пайда алуға мүмкіндік берді. 


алтын экономика алтын қоры

Хабарламаларға жазылу