«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасындағы автобустың құлаған видеосы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасындағы автобустың құлаған видеосы табылды

15.01.2024

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасында болған апаттың бүгін видеосы табылды. Онда автобустың құлағаны және шахтадағы жарылыс көрсетілген. Дәл қазір оқиға орнында әріптесім Болат аманбай тікелей байланысқа шығып тұр. 

Болат Аманбай, тілші:

Бүгінгі басты жаңалық «Майқайың алтын» кен байыту фабрикасында болған апаттын видеосы табылды. Бұл материалды ұлттық арна бірінші болып көрсетіп отыр. Видеода 4 жолаушысы бар автобус жер астына құлап кеткені анық көрінеді. Бұдан бөлек, көлік жүріп жатқан жолдың опырылып жатқан сәті де таспаға түсіп қалған. Оны да ұлттық телеарна көрермендері алғашқы болып көрді. Сондай-ақ бүгін бізге кәсіби құтқарушылар алғаш рет сұқбат берді. Алғаш рет шыңырауға түсіп, сол жерде түсірілім жүргіздік. Автобусқа дейін қазіргі уақытта 23 метр қалған. Ол дерге дейін ауыр техниңа түннің ортасына дейін жол салып үлгереді деп жоспарланып отыр. Одан кейін құтқарушылар іске кіріседі. Яғни автобусты аршып алу жұмыстары басталады. Апат болған жердің тереңдігі бұған дейін айтылып келгендей 150 метр емес, 66 метр екені нақты анықталды. Автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушы аман есен табылса деген үміттеміз. Әзірге осы. Аяз көтеріліп барады. Шыңыраудың түбінде 30 гралусқа дейін суық. Бүгін біздің түсіру тобымызға жоғалған азаматтардың туыстары сұқбат берді. 

Әлібай Қанқин, жоғалған құтқарушы Айдос Шаймерденнің әкесі:

Жақындап қалдық деп жатыр. Менің жағдайымды ешкімнің басына бермесін.


Хабарламаларға жазылу