Үндістанда ұшақ рейстері екі күн қатарынан доғарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда ұшақ рейстері екі күн қатарынан доғарылды

15.01.2024

Үндістанның бірнеше қаласында ұшақ рейстері мен пойыз қатынасы екінші күн қатарынан доғарылды. Себебі елдің солтүстігін қалың тұман басып, күн суытқан. Нью-Делиде таңертең 168 ұшақ рейсі кейінге қалдырылып, 56-сы көкке көкке көтерілген жоқ. Қою тұманға байланысты елдің түрлі бөлігіне қатынайтын 20-ға жуық пойыз жолға уақытынан кешігіп шыққан. Әзірге тұман қашан сейілетіні белгісіз.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу